Текст
«1-наурыз-Алғыс айту күні»
Көктемнің алғашқы мерекесі 1наурыз «Алғыс айту» күніне орай мектебімізде іс-шаралар болып өтті. Алғыс айту күні- күрделі заманда иық тіресе бірге еңсеріп, қысқа мерзім ішінде Елбасының басшылығымен Тәуелсіз Қазақстанды құру жолында аянбай тер төккен еліміздің барлық азаматтарының бір-біріне құрмет білдіретін күні. Осыған орай мектебіміздің 1-11 сынып оқушыларына сынып сағаттары өткізіліп, жылы-жылы тілектерін құшақтаса білдірді. Сонымен бірге мектебіміздің аға тәлімгері және «Жас Ұлан» ұйымының белсенділері бірігіп акция өткізді. Мектеп белсенділері бірігіп мектеп ұжымына, ата-аналар мен оқушыларға алғыстарын айтып құшақ жая жылы тілектерін айтты.