10.06.-14.06. 2019 жыл күндері аралығында футбол ойыны бойынша «Болашақ клубында» ойындар өткізілді. Бұл ойынға 5-7 сынып оқушыларынан 18 оқушы қатысты. Ойындар сағат 16:00-20:00 аралығында өтіп тұрды. Алдын-ала оқушыларды қауіпсіздік ережелерімен және футбол ойын ережелерімен таныстырып алып, топ құрып, ойындарды апта бойы жүргізіп отырдық.
Футбол ойынының мақсаты оқушылардың спортқа деген қызығушылығын арттыру, әр тақырып бойынша берілген әдісті үйрету, футбол ойынын дамыту. Сонымен қатар жазғы демалысты тиімді өткізу және оқушылардың бос уақытын дұрыс пайдалана білу.
Атап айтатын болсақ, өткізілген ойын түрлері: футбол ойынына арналған жаттығулар, аяқ, қол бұлшық еттерін дамыту мақсатында өткізілген жаттығулар, әр түрлі спорттық жаттығулар жасау, алдын-ала өткізілген жаттығуларды қайталау, топқа бөліп, жарыс түрінде ойындар өткізу. Оқушылардың футболға деген қызығушылығын арттыру мақсатында апта соңында белсене қатысқан оқушылар марапатталып отырды.
Қорытындылай келе, осындай ойындар нәтижесінде оқушылардың футбол ойынына деген қызығушылықтары арта түсті.