24.06.-28.06. 2019 жыл күндері аралығында волейбол ойыны бойынша «Болашақ клубында» ойындар өткізілді. Бұл ойынға 5-7 сынып оқушыларынан 14 оқушы қатысып жүрді. Ойындар сағат 16:00-20:00 аралығында өтіп тұрды. Алдын-ала оқушыларды қауіпсіздік ережелерімен таныстырып, волейбол ойынының ережелерімен таныстырып алып, топ құрып, ойындарды апта бойы жүргізіп отырдық.
Волейбол ойынының мақсаты оқушылардың волейболға деген қызығушылығын арттыру, әр тақырып бойынша берілген әдісті үйрету, волейбол спортын дамыту. Сонымен қатар жазғы демалысты тиімді өткізу және оқушылардың бос уақытын дұрыс пайдалана білу.
Атап айтатын болсақ, өткізілген ойын түрлері: волейбол ойынына арналған жаттығулар, қол бұлшық еттерін дамыту мақсатында өткізілген жаттығулар, әр түрлі спорттық жаттығулар жасау, алдын-ала өткізілген жаттығуларды қайталау, топқа бөліп, жарыс түрінде ойындар өткізу. Оқушылардың волейболға деген қызығушылығын арттыру мақсатында апта соңында белсене қатысқан оқушылар марапатталып отырды.
Қорытындылай келе, осындай ойындар нәтижесінде оқушылардың волейбол ойынына деген қызығушылықтары арта түсті.