03.06.-28.06. 2019 жыл күндері аралығында №7 қазақ орта мектебінің «Болашақ клубында» теннис, волейбол, футбол, баскетбол ойындары апта-аптаға бөлініп өткізілді. Бұл ойынға 5-9 сынып оқушыларынан 20 оқушы қатысып жүрді. Ойындар сағат 16:00-20:00 аралығында өтіп тұрды. Алдын-ала оқушыларды қауіпсіздік ережелерімен және ойын ережелерімен таныстырып алып, топ құрып, ойындарды апта бойы жүргізіп отырдым.
Ойындардың мақсаты оқушылардың әр түрлі спорт түрлеріне деген қызығушылығын арттыру, әр тақырып бойынша берілген әдістерді үйрету, спорт ойынының түрлерін дамыту. Сонымен қатар жазғы демалысты тиімді өткізу және оқушылардың бос уақытын дұрыс пайдалана білу.
Атап айтатын болсақ, өткізілген ойын түрлері: спорттық ойын түрлеріне арналған жаттығулар, аяқ, қол бұлшық еттерін дамыту мақсатында өткізілген жаттығулар, әр түрлі спорттық жаттығулар жасау, алдын-ала өткізілген жаттығуларды қайталау, топқа бөліп, жарыс түрінде ойындар өткізу. Оқушылардың спортқа деген қызығушылығын арттыру мақсатында әр апта соңында белсене қатысқан оқушылар марапатталып отырды.
Қорытындылай келе, осындай ойындар нәтижесінде оқушылардың спорт ойынына деген қызығушылықтары арта түсті.