"Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының №7 жалпы орта білім беретін мектебі"  КММ
КГУ “Общеобразовательная школа №7 города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области”

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мектепішілік «Жас Ұланға» қабылдау салтанатты жиыны

05.12.2019

05.12.2019 жылы сағат 13:00-де мектебіміздің спорт залында мектепішілік «Жас Ұланға» қабылдау салтанатты жиыны болып өтті. Жиынымыз мектебіміздің «Жас Ұландық» оқушыларының өлең шумақтарымен ашылды. Салтанатты жиынға 27-«Жас Ұлан», 55-«Жас Қыран» қабылданды. Мектебіміздің аға тәлімгері-Амандық Жансұлу Ерболатқызы салтанатты жиынды жүргізді. Балалар сап түзеп, Қазақстан Республикасының әнұраны орындалды. Мектебіміздің Ұланбасы- Мырзагул Арай Мырзагулқызы аға тәлімгерге баяндама берді. Салтанатты Антты мектебіміздің 6 «Ә» сыныбының озат оқушысы -  Бабаева Аяулым Қуанышқызы берді.  Мектебіміздің басшысы-Мукушев Жунус Шамиханович және тәрбие ісінің меңгерушісі-Смагулова Бахыт Серікқызы  балаларды құттықтап, төс белгілері мен галстуктарын тақты. Сонымен қатар әнші оқушымыз- Серикпаев Мадидың  орындауындағы «Мен қазақтың баласы» әнін тарту етті. Салтанатты жиынымыз «Жас Ұлан» әнұранымен аяқталып, естелікке суретке түсті.

Просмотров: 475


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст