Текст
Сыйынар ем ана деген тәңірге!
06.03.2023 жылы сағат 15:00-де мектебіміздің салтанат залында «Сыйынар ем ана деген тәңірге» атты мектебіміздің аяулы аналарына арнап керемет концерттік бағдарлама болып өтті. Бағдарлама тізгінін мектебіміздің сымбатты жігіттері-Серкибаев Асылбек пен Егеубаев Серхан жүргізді. Мектебіміздің тәрбие ісінің орынбасары-Смагулова Б.С. алда келе жатқан 8 наурыз-халықаралық әйелдер күнімен барша аналарды, аруларды, әпкелерді, әжелерді құттықтады. Мектебіміздің талантты жарық жұлдыздары аналарына арнап өз өнерлерін паш етті. Концерт соңында ата-аналар суретке түсіп тарқасты.