Текст
2024-2025 оқу жылының 23 –ші қазан күні мектебімізде Республика күніне арналған салтанатты жиын өтті. 1-11 сынып оқушылары хормен Мемлекеттік Гимнді жанды дауыста орындады. Мектеп директорының міндетің атқарушысы М Шакеева және мектебіміздің тарих пәнінің мұғалімі Н. Жақсыбаев оқушыларды, ұстаздарды атаулы мерекемен құттықтады. Мектебіміздің Парламент мүшелері және Жас Ұландықтар өздерінің әдеби – музыкалық монтажын тарту етті, 4 сынып оқушысы Айару Бимагамбетова « Сүгірдің термесі» атты әнін шырқап берді. Ал «Батырлар» би тобы жас әншімізге өз билерімен қолдау көрсетті. Жиын соңында мектебіміздің мұғалімі Е.Булегенов және мектеп оқушылары « Атамекен» әні орындалды.