2025 жылдың 10 қазан күні Абай Құнанбаевтың 180 жылдығына орай мектебімізде аудандық « Абай олимпиадасы» өтті. Мақсаты: Абай шығармашылығын оқу арқылы көркемсөздің танымдық, тағылымдылық, эстетикалық мән – маңызын түсініп, бейнеленген өмір құбылыстарын көркемдік тұрғыда қабылдауға қажетті білім, білік, дағдылар қалыптастыру; Абайдың әдеби мұрасынан және әдеби, ғылыми еңбектер арқылы Абайдың шығармашылық өмірінен ғибрат алып, білім мен білік дағдысын түрлі жағдаятта қолдана алуға бағыттау.
Ашылу салтанатына аудандық білім бөлімінің әдіскері Абикенова Асель Мухтаровна, қазылар алқасы: Атбасар ауданның тілдерді оқыту орталығының басшысы Камшат Қадылқызы, "Атбасар ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" ММ-нің бас маманы Махатов Ерік Әнуарбекұлы, Даулбаева Баянкул Нагашыбайқызы, “Родничок” бөбекжайының қазақ тілі мен әдебиет пәннің оқытышысы және аудан мектептерінің 9-11 сынып оқушылары қатысты. Мектебіміздің «Қызғалдақ» би тобы қазақ биін орындады, 8 сынып оқушысы Серикпаев Мади «Сегіз аяқ» әнің жанды дауыста орындап берді. Құрмангожина Дильназ Абайдың «Көзімнің қарасы» атты өлеңін шырқаса, 5 сынып оқушылары Абайдың жыл мезгілдеріне арнаған өлең –шумақтарын оқыды.11 сынып оқушысы Әділбек Нұрғиса Абайдың бірінші қара сөзін жатқа айтып берді. Соңында олимпиаданың қатысушыларымен жетекшілері естелік суретке түсті.