Текст
01.10.2025 жылы біздің мектептің еріктілері " Қарттар күніне" орай ,мектебіміздің қарт ұстазы Марияш Кайыржановнаны мерекесімен құттықтап, қол ұшын беруге барды.
Топтың мақсаты:
Еріктілер тобы қоғамға пайдалы істер жасап, көмекке мұқтаж жандарға – соның ішінде қарттарға мейірім мен қолдау көрсетуге бағытталған. Қарттар күні қарсаңында біз үлкендерге ерекше көңіл бөліп, алғыс пен құрметімізді білдіруді мақсат еттік.
Басты міндеттеріміз:
Қарт адамдарға көңіл бөлу, олардың әлеуметтік жағдайына назар аудару
Қарияларға рухани демеу беру, жылы сөзбен қуантy
Ұраны:
"Жақсылық жасау – жүректен!"
немесе
"Қартын қадірлеген ел – қазыналы .
Марияш Кайыржановна балаларға алғысын білдіріп, батасын берді.