2025 жылдын 23 қыркүйек күні сағат 18.00 -де ата – аналар комитетінің №1 жиналысы өтті. Тақырыбы: « Ата –аналар қауымдастығымен өзара әрекеттестіктің жаңа форматы»
Күн тәртібінде:
1.“ Ата – аналарға педагогикалық –психологиялық көмек көрсету” бағдарламасы.
Директордың тәрбие жөніндегі орынбасары: Смагулова Б.С
2. Ата – аналар комитетінің 2024-2025 оқу жылының қорытындысы.
Ата – аналар комитетінің торайымы: Мустафина Г.С.
3.« Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы мазмұнымен таныстыру.
Директордың тәрбие жөніндегі орынбасары: Смагулова Б.С.
4. Ата – аналар комитетінің торайымын тағайындау.
5. Жиналыс қорытындылары. Шешімдер мен ұсынымдарды қабылдау.
Жиналысқа мектебіміздің 1-11 сыныптарының ата- аналар комитетінің торайымдары қатысты. Жиналыстын мақсаты: ата – аналар комитетінің жаңа форматтағы жұмыс жоспарымен таңыстыру, « Ата – аналарға педагогикалық- психологиялық көмек көрсету» бағдарламасының ерекшеліктерімен таныстыру, «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының жаңашылдықтарын талқылап, іске асыру жолдарын айқындау. 2024-2025 оқу жылындағы жұмысының қорытындысын жасап, жаңа құрамын тағайындап, бекіту. Жиналыс барысында күн тәртібіндегі барлық сұрақтар қарастырылып, талқыланды. Ата аналар комитетінің тораймы болып Ташмаганбетова Айгерим Сабырбековна тағайындалды.