24 қазан күні сағат 12.00 -де Атбасар ауданы білім бөлімінің инстаграмм желісінде «Оқушылардың күзгі демалысы кезіндегі қауіпсіздік ережелері» тақырыбында ата – аналарға арналған онлайн кездесу өтті. Бұл кездесуде оқушылардың күзгі демалыс кезіндегі барлық қауіпсіздік ережелерін сақтау туралы толық ақпараттар берілді. Оқушыларға қойылатын бірыңғай қауіпсіздік талаптар. Қылмыстың және жол-көлік жарақатының алдын алу. Балалардың жеке қауіпсіздік ережелері, ақпараттық қауіпсіздік. Оқушылардың бос уақытын ұйымдастыру. Ерте жүктіліктің алдын алу. Алаяқтардан абай болу жолдары, экстремизм және діни сауаттылық туралы мәліметтер берілді.Оқушылардың психологиялық денсаулығы, көңіл-күйлерінің, жүйкелеріндегі өзгерістері туралы. Күн тәртібіндегі барлық сұрақтар қарастырылып, талқыланды. Ата – аналар тарапынан қойылған сұрақтарға жауаптар берілді.