Биылғы 2017-2018 оқу жылында Тәуелсіздіктің 26 жылдығына арналған салтанатты жиын мектебіміздің спортзалында өтті. Мектеп оқушыларының қатысуымен әдеби – музыкалық монтаж дайындалып, көпшіліктің назарына ұсынылды. Салтанатты жиынның басында Мемлекеттік гимн орындалды. Мектеп директоры У.З.Калиева мектеп ұжымын және оқушыларды мерекемен құттықтап, жылы лебізін білдірді. Тарих пәнінің мұғалімі Жылгельдина Б.С. сөз сөйлеп, Тәуелсіздіктің тарихы туралы әңгімеледі. Мектебіміздің 5 Ә сынып оқушыларының орындауында « Жаса Қазақстан» атты би композициясы орындалды. Ал 4 ә сынып оқушыларының орындауында « Қазағым - ай» биі биленді. 5 а сынып оқушысы Нұртаза Диастың орындауында « Нұр аға әні орындалды. Мектебіміздің бірінші қабатының дәлізінде арнайы стендпен көрме ұйымдастырылды.Сонымен қатар 9-11 сыныптары арасында « Мемлекеттің белгісі – мемлекеттік рәміздер» атты дөңгелек үстелдер өтті. Барлық сыныптарда « Мемлекеттік рәміздерінің тарихы» атты сынып сағаттары өткізілді. Бұл сынып сағаттарында арнайы бейнероликтер арқылы оқушыларға рәміздердің тарихынан толыққанды мағлұматтар берілді.