"Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының №7 жалпы орта білім беретін мектебі"  КММ
КГУ “Общеобразовательная школа №7 города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области”

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Менің Отаным – Қазақстан

03.09.2025

2025-2026 оқу жылының 2 қыркүйек күні мектебіміздің 1–11 сынып оқушылары үшін "Менің Отаным – Қазақстан" атты тәрбие сағаты өткізілді. Іс-шара Мемлекеттік Гимнді орындаумен басталды.
Мақсаты:
1. Оқушыларға "Жаңа Қазақстан" туралы мағлұмат беру, отансүйгіштік сезімдерін қалыптастыру.
2. Ел тарихына, мәдениетіне, табиғатына деген қызығушылықтарын арттыру.

Тәрбие сағаттары оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай әртүрлі әдіс-тәсілдер арқылы ұйымдастырылды. Бастауыш сыныптарда Отан туралы тақпақтар мен әндер орындалса, орта және жоғары буын сыныптарда еліміздің жетістіктері мен "Жаңа Қазақстан" идеялары жөнінде әңгіме, пікірталастар жүргізілді.
Іс-шара барысында оқушылар белсенділік танытып, Отанға деген сүйіспеншілігін түрлі шығармашылық жұмыстар арқылы көрсетті.
Тәрбие сағаты оқушылардың елжандылық сезімдерін оятып, Қазақстан Республикасының болашағына сеніммен қарауға ықпал етті.

Просмотров: 45


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст