Текст
2025 жылдың 2 қазан күні мектепішілік « Бағдаршамның тілін ал!» атты фестивалі өтті. Мақсаты: оқушыларды жол белгілерімен, жолда жүру ережелерімен таныстыру. Жол қауіпсіздігі сақталмаған жағдайда кездесетін жарақаттар немесе түрлі жағдайлар туралы баяндау. Көшеде дұрыс жүріп, жол ережелерін, қауіпсіздігін білуге, есте сақтауға тәрбиелеу. Бұл іс - шараға мектебіміздің 2-7 сыныптарының командалары қатысты. Шарты: команданың аты, ұраны, эмблемасы, жол ережелерін насихаттау; Сайыс мектебіміздің спорттық залында өтті. Сынып командалары сайысқа жақсы дайындалып, жол ережесі туралы толық ақпарат, үгіт –насихат жүргізді.