Текст
04.02.2019 жылы сағат 16:00-де мектебімізде «Жас Ұландық» 5-6 сынып оқушылары арасында сурет сайысы болып өтті. Сурет сайысымыздың тақырыбы-«Дұрыс тамақтану-денсаулық кепілі». Мақсаты-оқушылардың дұрыс тамақтану туралы білімдерін жүйелеу, кеңейту, тазалық гигиенасын сақтау, тазалыққа баулу. Аға тәлімгер-Амандық Жансұлу Ерболатқызы оқушыларға тақырыпқа сай сыныпты безендіріп, мағлұматтар, деректер берді. Және де оқушылармен пікірталас өткізіп, сурет салар алдында аз ғана жаттығумен басталды. Оқушылар өздерінің ойларындағы суреттерін қылқаламмен жеткізе білді.