Текст
2019 жылдың 11 қазан күні Аудандық мәдениет үйінде 1-ші сынып оқушыларына арналған «Тілашар» мерекесі өтті.Бұл іс- шараға мектебіміздің ең белсенді оқушылары: Курсаубаева Мөлдір және Қадырова Аяулым клоундардың рөлін сомдап, бұлдіршіндердің көңілінен шыға білді. Мектеп белсенділері: Мырзағұл Арай, Нұртаза Диас, Файзуллина Риза, Тайкенова Нұргүл бүлдіршіндермен қызықты сәттер ұйымдастырды.Ал жас әншілеріміз: Құрмангожина Дильназ, Серикпаев Мади, Арыстан Асылжанның орындауындағы «Менің атым Әліппе» әні мерекелік концерттің сәнің келтірді. Мәдениет үйінің фойесін безендірген мектеп ұжымына Білім бөлімінің басшысы ерекше алғысын айтты. Мереке өте қызықты өтті.