2019-2020 оқу жылының 4 қазан мен 14 қазан күндері арасында мектебімізде Халықаралық қыздар күні кеңінен аталып өтті. Арнайы жасалған жоспарға сай әр сыныпта осы тақырыпта тәрбие сағаттары өткізілді.Мектебіміздің медбикесі 7-11 сынып қыздарымен гигиена, ерте жүктілік, етек кір, т.б. мәселелер жайлы кеңес беріп, әңгіме өткізді. Мектебіміздің психологы Асемгуль Назымбековна Шахметова 1-11 сынып қыздарымен арнайы жоспары бойынша жекек кеңестерін беріп, қыздармен сырласып, 5-8 сынып қыздарымен « Қыздар –еліміздің қызғалдағы» атты тақырыпта дөңгелек үстел өткізді.Аға тәлімгер Амандық Жансұлу Ерболатқызының ұйымдастыруымен 5-10 сынып қыздары арасында « Менің құқығым бар» аты флешмоб билері керемет өтті.Осы күндері 1-11 сыныптарындағы сурет салуға бейім қыздарымыздың әдемі суреттерінен көрме ұйымдастырылып, стенд жасалды.Мектебіміздегі тәрбие ісі меңгерушісінің жетекшілігімен «Ақ бота» қыздар клубы өз жұмысын жалғастыруда.Барлық ақпараттар мектеп саитында жарияланды.