2023 жылдың 19-20 қазан күндері аралығында Сандықтау ауданының « Жас дәурен» балалар лагерінде өткен «Мен елімнің ертеңімін" атты форум қатысушы және спикер ретінде мектеп Парламентінің Президенті: Бабаева Аяулым қатысып, « Біртұтас тәрбие бағдарламасы» атты баяндамасын оқыды. Форум барысында Бабаева Аяулым мектеп Парламентінің былтырғы 2022-2023 оқу жылында атқарылған іс –шаралар туралы баяндап, алға қойылған жоспарларымен бөлісті. Форумда Парламент жұмысы және оны нығайту жайында көптеген тренингтер мен ойындар ойнатылды. Барша келген балалар тәжірибе алмасып, жаңа таныстықтар орын алды. Форумда барлық қатысушыларға арнайы сертификаттар табысталды. Бабаева Аяулымға "Ақмола дарын" оқу орталығынан арнайы «Алғыс хатымен» марапатталды.