2024 жылдың 25 мамыр күні мектебіміздің алаңында «Мектебім саған мың алғыс!» атты салтанатты жиын болып өтті. Салтанатты жиынымыз сап түзеп, Қазақстан Республикасының Әнұранымен басталды. Жиынның құрметті қонағы -Атбасар ауданы Білім бөлімінің әдіскері Абитаева Асель Зейнолдақызы қатысты.
Мектебіміздің директоры- Н.Алкенова оқушыларды соңғы қоңырау мерекесімен құттықтады және де мектебіміздің оқу ісінің меңгерушісі- М.Е.Шакеева 2023-2024 оқу жылының бұйрықтарымен таныстырып, оқушыларды оқу жылының аяқталуымен құттықтады. Ата – аналар тарапынан мектебіміздің ата – аналары - Шулакова Төлеш Айтбайқызы, Ашкенов Ерболат Сейілбекұлы, Кушегалина Куляш Балтабаевна, Жумабекова Канагуль түлектерге ақ жол тіледі. Түлектеріміздің сынып жетекшісі- Есенгулова Лида Аскаровна және пән мұғалімдері түлектерді құттықтады. Сонымен қатар түлектердің ізбасарлары 10 сынып оқушылары да құттықтауларын айтып, білім кілтін қабыл алды. Салтанатты жиын соңында түлектеріміз соңғы мектеп вальсын және « Енді қоңырау соғылмайды бізге» әнін орындап, соңғы қоңырауларын соқты.