Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс –қимылдар және терроризмнің алдын алу жөнінде онлайн конференция
2020 жылдың 7 қыркүйек күні сағат 11:00 де мектеп әкімшілігінің ұйымдастыруымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс –қимылдар және терроризмнің алдын алу» жөнінде онлайн конференция өтті. Бұл конференцияда төмендегі сұрақтар қарастырылды.
ҚР Президенті Қ.К Токаевтың Қазақстан халқына Жолдауы, мемлекеттік қызмет көрсету ережелері, педагогтармен қызметтік міндеттерін атқаруына байланысты түсіндіру, «Саналы ұрпақ», « Адал ұрпақ» клубтарының қызметі туралы, жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру, оқушылардың ата – аналары ұжымымен сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу және терроризмнің алдын алуға арналған шаралары туралы толық талқылау жүргізілді. Онлайн конференция уақытылы, талаптарға сай өткізілді.