Текст
2025 жылғы 15 қазанда «Атбасар қаласының №1 жалпы білім беретін мектебі» КММ базасында тәлімгерлердің аудандық семинары өтті.
Іс-шараға Атбасар ауданының мектептерінен келген тәлімгерлер қатысты.
Балалар мен жасөспірімдер қозғалысының үйлестірушісі Шульгина Ольга Ивановна оқушылардың өзін-өзі басқару органдарының жұмыс қағидаттарын жан-жақты түсіндіріп, қатысушыларды мектеп парламентінің құрылымымен және балалар бірлестіктерінің жұмысын ұйымдастырудағы тәлімгердің рөлімен таныстырды