"Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының №7 жалпы орта білім беретін мектебі"  КММ
КГУ “Общеобразовательная школа №7 города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области”

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Байқау

17.10.2024

2024 жылдың  қазан айының 17 күні сағат 12:00 де мектебіміздің салтанат залында «Күз  ханшайымы» байқауы болып өтті. Бұл байқауға  5А сыныбының 11 қыз баласы  қатысты.  Байқау 3 кезеңнен тұрды:  І-кезең- таныстыру, ІІ - кезең – өз өнерлері. ІІІ –кезең – сән үлгісі.   Әділқазы алқалары мектебіміздің тәрбие ісінің меңгерушісі- Б. Смагулова және Алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі А.Бугабай. Сонымен әділқазы алқаларының шешімімен: он қыз 10 номинацияға  ие болды. Барлық қатысушылар арнайы мақтау қағаздарымен марапатталды, сонымен қатар арнайы сертификаттар табыс етілді. Ал « Күз ханшайымы» атағына  Советова Айша ие болды. Байқау соңында қатысушылар естелікке суретке түсті. Байқауымыз өте жоғары деңгейде өтті.  Ал сағат 16:30 –да 7-10 сыныптар арасында «Күз Ханзадасы мен Ханшайымы» байқауына жалғасты.
7  А сыныбының жұбы: ІІ -орын
7 Ә сыныбының жұбы: І –орын
7 Б сыныбының жұбы: ІV -орын
8 Ә сыныбының жұбы:ІV -орын
9 А сыныбының жұбы: ІV -орын
9 Ә сыныбының жұбы: ІІІ - орын
2024-2025 оқу жылының « Ханзадасы мен Ханшайымы» титулын      8 А сыныбының жұбы жеңіп алды. Қатысушылар байқаудың соңында естелік суретке түсті.

Просмотров: 33


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст