2024 -2025 оқужылының 19 қазан күні мектебімізді мектеп Президенті және Ұланбасы сайлауы өтті.
Мақсаты: сайлау мектеп өмірінің мәселелерін шешуде оқушылардың өзін-өзі басқарудағы өз бетімен шешім қабылдау қабілеттілігін арттыру, оқушыларды қоғамдық іс-шараларға қатысу белсенділіктерін көтеру.
Сайлауға мектеп оқушылары мен мұғалімдер белсене қатысып, өз таңдауларын жасады.
Мектеп Президентіне үміткерлер:
Бабаева Аяулым 11 сынып оқушысы
Жәрденбек Азамат 10 сынып оқушысы
Ергеш Аяулым 10 сынып оқушысы
Қаиржан Ильнара 7 сынып оқушысы.
Сонымен қатар Ұланбасылыққа үміткерлер:
Ерлан Аяулым 11 сынып оқушысы
Шамшиденова Аяжан 11 сынып оқушысы
Өзгерісқызы Аружан 7 сынып оқушысы қатысты.
Сайлау қорытындысы бойынша жеңіске мектеп Президенті болып -11 сынып оқушысы Бабаева Аяулым және Ұланбасы- Ерлан Аяулым тағайындалды.