Текст
2024 жылдың 13 желтоқсан күні сағат 16:00-де мектебіміздің «Құқық және тәртіп» фракциясының министрлері Токужинова Алина мен Сағымбай Рысты «Тәуелсіздік -тұғырым» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Мақсаты: Тәуелсіздік туралы терең мағлұмат беру. Ата – бабамыздың тәуелсіздік жолындағы ерлігін үлгі етіп, өз Отанын сүюге, еліне, халқына қызмет етуге тәрбиелеу. Еліміздің тәуелсіздігін атап өту қарсаңында елтарихына шолу жасау. Тәуелсіз еліміздің жетістіктерімен таныстырып, білгендерін тереңдету.