Текст
2025 жылдың 31 қаңтар күні мектебімізде Аудандық « М.Мақатаев оқулары» атты байқауы өтті. Мақсаты: Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығын насихаттау, ақын өлеңдеріндегі патриоттық рухты оқушылардың бойына сіңіру. Байқаудың шымылдырығын « Балбырауын » күйімен « Сазгер» атты домбырашылар тобы ашып, қатысушылардың рухын көтеріп тастады. Ал « Гүлдер» атты би тобы әсем билерімен жақсы көңіл күй сыйлады. Байқау барысында М.Мақатаевтың шығармашылығынан өлеңдер оқылды.