2025 жылдың 13 наурыз күні мектебімізде « Қыз еркем-өнерімен көркем» атты қыздар байқауы өтті. Мақсаты: Қазақ қызының бойындағы ұлттық дәстүрімізге сай әдептілік, көріктілік, ептілік, инабаттылық, кішіпейілділік, сұлулық т. б. жан - жақты ұлттық қасиеттерін таныта білу, қазақ халқының ұлттық өнерін, салт - дәстүрін дәріптеуге үйрету, оқушылардың танымдық және шығармашылық қабілетін, эстетикалық талғамын, шеберлігін дамыту, көпшілік алдында өзін - өзі ұстай білуге, мейірімділікке тәрбиелеу. Байқауға 6 ару қатысып «Инабатты Қыз » номинациясына 3А сынып оқушысы: Төлеубек Айлин, « Көрікті Қыз» номинациясына 3 Б оқушысы: Әлім Ақниет, «Сұлу Қыз» номинациясына 3 Ә сынып оқушысы Қожақ Еркежан, «Әдемі Қыз» номинациясына 3 Ә сынып оқушысы Саят Үкілім, « Мейірімді Қыз» номинациясына Тажибаева Жанель, «Шырайлы Қыз» номинациясына 3А Қапанова Адия ие болып, арнайы грамоталармен марапатталды.