06.02.2018ж мектебімізде информатика, физика және математика апталығының ашылуы өтті. Апталықтың ашылуына 7-8 сынып оқушылары қатысты. Апталықтың мақсаты – оқушылардың негізгі пәндеріне қызығушылықтарын арттыру, оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту. Апталығынның ашылуына жауапты математика пән мұғалімі Искакова Б.Н.
Бағила Нурбековна өткізген іс-шарасы өте жақсы ұйымдастырылған, қызықты, тартымды өтті және оқушылардың көңілінен шықты. Іс-шарамыз «Білгірлер мен тапқырлар» сайысы түрінде өтті. Бұл сайыс 7-8 сыныптар арасында өткізілген болатын. Сайыс төрт кезеңнен тұрды. Балалар әр кезеңде берілген тапсырмаға жауапкершілікпен қарап, бар білгендерін ортаға салып, нәтижесінде 7 сынып оқушылары жеңіске жетті. Көрермендерге де жұмбақтар, фокустар жасырылып ойын өткізілді. Оқушылар аса қызығушылықпен қатысып, өздерінің өнерлерін көрсетті.