05.02.2018-16.02.2018 аралығында информатика, физика және математика апталығы басталды. Осыған орай 6 қараша күні №7 қазақ орта мектебінде 4-6 сыныптар арасында математикадан аудандық олимпиада және 11 сынып оқушылар арасында ҰБТ-дағы жаңа формат бойынша жарыс өтті.
Олимпиаданың мақсаты – дарынды балаларды анықтау, пәндік білімдерін тереңдету, ғылымға деген қызығушылығын дамыту. Олимпиадаға барлығы 41 оқушы қатысты. Әр оқушы өз білімдерін жан-жақсы көрсетіп, жақсы нәтиже көрсетті. Олимпиада қорытындысы бойынша жеңімпаз оқушылар салтанатты жиынында Мақтау қағаздарымен марапатталды.
4-сыныптар арасында: №7 қазақ орта мектебінің 3 оқушысы 1,2,3 –орын.
5-сыныптар арасында: №7 қазақ орта мектебінің 2 оқушысы – 3 орын, №8 ОМ – 3 орын 1 оқушы.
6 сыныптар арасында: №8 ОМ -1 орын, №7 ОМ -2 ,3 орын.
11-сыныптар арасында: №7 ОМ 3 оқушы – 1,2,3 орын.