Текст
2025 жылдың 14 мамыр күні мектебімізде аудандық «Адал Ұрпақ» сайысы өтті.Мақсаты: “Сыбайлас-жемқорлық” деген ұғымды түсіндіріп, пайда болу жағдайлары жайлы түсінік қалыптастыру, өз көзқарастарын білдіріп, дүниетанымдарын кеңейту, өз мемлекетіне жауапкершілікпен қарау және әділдікке тәрбиелеу,патриоттық тәрбие қалыптастыру.
Сайысқа мектебіміздің «Жас Ұрпақ» тобының мүшелері қатысып, барлық кезеңдерден сүрінбей өтті. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу туралы өз қойылымдарын көрсетіп, викторинаның сұрақтарына жауап берді.Сайыстың соңында арнайы грамотамен марапатталды.