"Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының №7 жалпы орта білім беретін мектебі"  КММ
КГУ “Общеобразовательная школа №7 города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области”

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Сыни тұрғыдан ойлауға бағыттайтын топтық жұмыс түрлерін сабақта қолдану» туралы рефлексивті есебі

26.01.2018

Сын тұрғысынан ойлау – Қазақстандағы білім беруді дамыту үшін маңызды болып табылатын қазіргі ең басты педагогикалық түсінік. Бұл модуль оқушылардың да, мұғалімдердің десын тұрғысынан ойлауды дамытуды саналы және оймен қабылдауын көздейді.

«Сын тұрғысынан ойлау» деген сөз тіркесінде қолданылатын «сын тұрғысынан» деген термин ойдың мәселені немесе проблеманы шешу үдерісіне шоғырлануын білдіреді. Бұл тұрғыдан алғанда сын сөзі «мақұлдамау» немесе «теріске шығару» дегенді білдірмейді.

Сын тұрғысынан ойлау ой жүгірту, тұжырым жасау немесе проблеманы шешу үдерісі жүрген жағдайларда, яғни неге сенуге болады, не істеу керек және бұны ойластырылған әрі рефлексивтік тәсілмен қалай істеуге болатындығын анықтау қажет болған жағдайлардың барлығында орын алады.

Сын тұрғысынан ойлау «ойлау туралы ойлану» деп сипатталған. Ол маңызды мәселелерді талқылау және тәжірибені ой елегінен өткізуді қамтиды. Мұғалімдер педагогикалық білімі бар және қосымша оқыту мен өз біліктілігін арттырушы субъектілер болғандықтан, оларда бұл дағдылар дамыған және іс-тәжірибеде қолданылады деп болжанады.

Сын тұрғысынан ойлау - Қазақстандағы білім беруді дамыту үшін маңызды болып табылатын қазіргі ең басты педагогикалық түсінік. Бұл модуль оқушылардың да, мұғалімдердің де сын тұрғысынан ойлауды дамытуды саналы және оймен қабылдауын көздейді.[МАН 1 деңгей 20 бет]

Қазақстанның болашағы бүгінгі ұрпақ тәрбиесін, ғылым мен білімнің өркендеуіне, жас ұрпақты жан-жақты дамытуға тікелей байланысты.

Сыни тұрғыдан ойлау - Қазақстандағы білім беруді дамыту үшін маңызды болып табылатын қазіргі ең басты педагогикалық түсінік. Бұл модуль оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауды дамытуды саналы және оймен қабылдауын көздейді. «Сыни ойлау»-баланың ынтасын жетелеу, қызығушылығын ояту арқылы оқыту, үйрету деген сөз. Ойлау да, оқу, жазу, сөйлеу және тыңдау сияқты іс-әрекет. Сыни тұрғыдан ойлаудың стратегиялары өте көп.

• еркін ойлау қабілетінің дамуына мүмкіндік береді;

• ақыл-ойын дамытады;

• ұжымжық іс-әрекетке тәрбиелейді;

• тіл байлығы жетіледі;

• жан-жақты жетіледі;

• өз ойын жеткізеді;

Осы тақырыптағы жұмыстарды жандандыру мақсатында ,әріптестеріме желтоқсан айында «Сыни тұрғыдан ойлауға бағыттайтын жұмыс түрлерін сабақта қолдану» атты дөңгелек үстел өткіздім.

Мақсаты: сыни тұрғыдан ойлауға үйрету,ынтымақтастықта жұмыс істеуге дағдыландыру.

Күтілетін нәтижеcі3: .1. Оқу үрдісіне деген қызығушылықтың артуы;

2.Оқушының өз бетімен білім алуына мүмкіндік береді;

3.Сыныпта «қайырымды білім» атмосферасы құрылады.

Барлығы 13 мұғалім қатысты.Әуелі «Мектеп, ,өнер, туған тіл » тақырыбындағы сөздер бойынша топқа бөлдім.

«Мектеп» тақырыбына қатысты сөздер бірінші топ, ал «Өнер» тақырыбына қатысты сөздер екінші топ, «Туған тіл» ІІІ топ болды.

-Ынтымақтастық байланыс орнады.

-Топ ережесін құра отырып ,топта жұмыс істеу үшін белгілі бір ережеге сәйкес жұмыс істеу керектігін түсінді.Әр топ ережесін айтты.

Топ ережесін орындай отырып, жұмыс жасауға үйренді.

«Сын тұрғысынан ойлау»презентация таныстырылым көрсете отырып ой қозғадым.

-Қалай ойлайсыздар, сіздер мына көріністен қандай процесті байқадыңыздар?

Топта талқылап, өз ойларын айтты.

• Сын тұрғысынан ойлаудың қызметі деген не?

• Сын тұрғысынан ойлаудың келешегі қандай ?Сын тұрғысынан ойлау не үшін қажет?

• Сын тұрғысынан ойлаудың анықтамасы.

• Ойлау элементтері

• Сын тұрғысынан ойлау үлгісі.

• Оқыту болашағы

• Сын тұрғысынан ойлау, креативті ойлау, мәселелерді шешу, ғылыми ойлау…

• Оқушыларды сын тұрғысынан ойлауға қалай үйретеміз?

• Сын тұрғысынан ойлау неге соншалықты маңызды?

Дөңгелек үстелді қорытындылай келе мына сұрақтарға жауап іздедік:

Тиімді ойлаудың алты қадамы

1. Мәселені анықтаңыз. -« Біздің алдымызда қандай нақты сұрақ тұр?»

2. Мәнмәтінін анықтаңыз. - «Бұл проблеманы қандай фактілер мен мән-жайлардан көруге болады?»

3. Таңдауды санамалаңыз. -«Қандай нұсқалар шындыққа жанасады?»

4. Нұсқаларды талдаңыз. - «Әрекеттеріміздің ұтымды дамуы қандай болмақ, бәрі ескерілді ме?»

5. Ақиқат себептердің тізімін жасаңыз. - «Тап осыны неге таңдағанымызды түсінейік?»

6. Өзін-өзі түзету. - «Жақсы, нені ескермедік, тағы да бір рет қарап алайық?»

Және нақты тапсырмалар бере отырып сұрақтарға жауап табуға тырыстық.

Просмотров: 1513


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст