«Мектептегі жасөспірімдердің физикалық және психикалық денсаулығын нығайту және деструктивті мінез-құлықтың алдын алу бағдарламасы» № 2 дәріс бойынша мектеп ұжымы оқытылды.
24.01.2018ж күні №7 қазақ орта мектебінде өткізілді. Мектеп психологы Шахметова А.Н статистикалық мәліметтерге сүйене отырып Қазақстан Республикасының жасөспірімдер арасында өз-өзіне қол жұмсау кең етек алып бара жатқанын айтып өтті. Соңғы 2016 жылдың 12 айлық көрсеткіш бойынша Қазақстан елдерінің ішінде Ақмола облысы 1 орында тұрғанын баяндап, мәселенің ауқымдылығына тоқталды. Жасөспірім шақтағы өз-өзіне қол жұмсауға қандай факторлар итермелейтінін ашып көрсетті. Мектеп тарапынан жасөспірімдерге қандай қолдау көрсетуге болады, олармен қай бағытта жұмыстар атқарылатынына тоқтала кетті.