Білім берудің негізгі мақсаты – білім мазмұнын жаңартумен қатар, оқытудың әдіс-тәсілдері мен әр түрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап етеді. Жаңа заман мұғалімі өз білімін қолданумен қатар, шәкірттерінде зерттеушілік, ізденушілік әрекетін ұйымдастырудың әдіс-тәсілдерін меңгеру керек. Жаңа технологияларды жүзеге асыруда мұғалім белсенділігі, шығармашылық ізденісі, өз мамандығына, пәніне деген сүйіспеншілігі, алдындағы шәкірттерін бағалауы ерекше орын алады.
Осыған орай мектебімізде «Информатика, физика, математика» бірлестігінің кезекті отырысында
Балабекова Г.Б. «Оқытудың белсенді оқу әдістері» атты тақырыбында баяндама оқыды. Баяндаманың өзекті мәселесі
5 -7сыныптар арасында жаңа бағдарлама бойынша негізгі пәндердің критериалды жүйесіне көшуіне қолданылатын әр түрлі әдіс-тәсілдерімен таныстырып өтті. Бұл әдістердің тиімділігі мұғалім әрбір оқушымен сапалы жұмыстарды ұйымдастыру және мақсатқа жетуге көмектеседі. Қазіргі таңда әдіс-тәсілдердің тиімді жолдарын мұғалім өз еркімен таңдауға ұмтылады.