Текст
Аудандық халық инструменталдық фестивалі туралы мәлімет
2017 жылдың 18 қараша күні сағат 15: 00-де аудандық мәдениет үйінде Аудандық халық инструменталдық фестивалінің гала – концерті өтті. Бұл фестивалге мектебіміздің 9-ші сынып оқушылары Адильбеков Шыңғыс, Қайрат Диниас, Толкумбеков Адильхан, Сагандыков Диас инструменталдық сайысқа қатысып « Все о жизни и любви» атты папурриін орындады, ал көркем оқуында Рейпназарова Севара «Аққулар ұйықтағанда» М.Мақатаевтың, Қыдырбекова Аружан М.Шахановтың « Жігерлендіру» поэмасынан үзіндісін оқып, қазылар алқасының таңдайын қақтырды. Нәтижесінде гитаристер тобы ІІІ- орынға иеленді.