«Менің болашақ мамандығым»
Біздің мектебімізде 9 сынып оқушыларының арасында «Менің болашақ мамандығым» атты тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Бұл іс-шараның мақсаты оқушылардың өз қалаулары бойынша мамандықты дұрыс таңдай білуге баулу, мақсат қоя білуге икемділіктерін қалыптастыру; тұлғалық өсудің алғы шарттарын қалыптастыра отырып, елімізге өз үлесін қоса білетін адал маман иесі болуға жетелеу. Бұл тақырыпты ашу барысында оқушыларға әр түрлі жағдаяттық сұрақтар, бейне роликтер, ойындар өткізілді. Әр оқушы өз пікірлерімен бөлісіп, мыңдаған мамандықтан өзіне лайықты біреуін таңдап, маңызды шешім екенін түсіне білді. Іс-шарамызды қорыта келгенде, әр оқушы таңдаған болашақ мамандығы елімізге адал маман иесі боламыз деген ой қалдырды.
Егеменді еліміздің ертеңі — маман иелері болуларыңызға тілектестігімді білдіреміз!