3 қараша 2017 жылы Атбасар аудандық білім бөлімінде 1-сынып ұстаздарына арналған семинар өткізіліп, №7 қазақ орта мектебінің 2-сынып мұғалімі Джиенгарина Аридаш Мырзагалиевна «Қалыптастырушы бағалау жұмыстарын тиімді жүргізудің ерекшеліктері мен маңызы» тақырыбында баяндама оқыды. Жаңартылған форматтағы оқыту жүйесіне еңгізіліп отырған критериалды бағалаудың түрлерінің бірі қалыптастырушы бағалау бойынша жұмыстар жүргізіп, практика жүзінде жеткен жетістіктермен қалыптастырушы бағалау жұмыстарын жүргізудің ерекшеліктері, маңызы жайлы толығырақ ақпарат бере отыра, осы бағалау түрінін тиімділігін атап өтті. Сондай-ақ, қалыптастырушы бағалаудың тапсырмаларын өткізуге қойылатын талаптар және қалыптастырушы бағалаудың мұғалім үшін тиімді жақтарын айқын көрсетті. «Қалыптастырушы бағалау – оқу үдерісін дер кезінде түзетуге мүмкіндік беретін, білім алушы мен мұғалім, ата-ана мен мұғалім арасындағы кері байланысты қамтамасыз етіп, үздіксіз жүргізілетін бағалаудың түрі болып келеді» деп сөзін аяқтады.