"Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының №7 жалпы орта білім беретін мектебі"  КММ
КГУ “Общеобразовательная школа №7 города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области”

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Білім күні

01.09.2025

2025-2026 оқу жылының 1-қыркүйек күні мектебіміздің 1-11 сынып оқушылары үшін  қаламыздың орталық алаңында « Мектебім –мейірім мекені» атты салтанатты жиын өтті. Салтанатты жиын Қазақстан Республикасының  гимнімен басталды. Салтанатты жиынымыздың құрметті қонақтары: Атбасар ауданының әкімі Алимжанов Кенеш Галибекұлы  мектеп ұжымын, ата – аналарды, мектеп оқушыларын, 1 сынып бүлдіршіндерін білім күнімен құттықтап, жылы лебіздерін білдірді. Мектеп директоры Н.А.Алкенова ата – аналарды, 1 сынып оқушыларын атаулы мерекемен құттықтады. Метебіміздің 4 сынып оқушылары « Жеңісте бізбіз»  атты әндерін орындап, мерекенің сәнің келтірді. Оқу ісінің меңгерушісі М.Е. Шакеева 2025-2026 оқу жылының басталуы туралы бұйрығымен таныстырды.  1 сынып оқушылары  « Ал, қане құттықтаймыз!» әнін орындап, көрермендерді таң қалдырды. Мектебіміздің бишілер тобы « Әліппе» атты тартымды билерін бүлдіршіндерге арнап, орындап берді. Ата – аналар атынан құттықтау сөз Молдабаева Камила Төлешовнаға берілді. 11 сынып түлектері 1 сынып оқушыларын құттықтап, арнайы сыйлықтарын табыс етті. Алғашқы қоңырауды соғу рәсімін мектеп табалдырығын аттаған  1 сынып бүлдіршіндері  бірілді. Жиын соңында бүлдіршіндеріміз естелік суретке түсті

Просмотров: 129


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст