«Мұғалімдер күніне» арналған мерекелік іс-шара.
2017 жылдың 29 қыркүйек күні сағат 16:00-де мектебімізде мұғалімдер күні мен қарттар күні бірге аталып өтті. Мерекелік іс-шараға мектебіміздің ұстаздары мен зейнеткер ұстаздар қатысты. Мектебіміздің 11-ші сынып оқушылары асхананы мерекеге сай безендіріп, кең дастархан жайды. Мерекені бастауыш сынып оқушылары Исин Рахат пен Аяулым жургізді. Мектебіміздің басшысы Қалиева Уасиля Зайымбекқызы сөз сөйлеп, ұстаздарды, қарттарды мерекелерімен құттықтады. 4 «ә» сынып қыздары «Қуыршақ», «Аққу» биін билеп, таңдай қақтырды. 5 «а» сынып оқушысы Диас Нұртаза мен оның ұстазы Лида Аскаровна «Ұстаз»
туралы ән шырқады. 5 сынып оқушыларынана құралған топ тақпақтарын айтып, қарт ұстаздарға жүрек шарларын табыс етті. 7 «а» сынып қыздары «Мектеп» атты әнін ұстаздарға арнап орындап берді.
Мектебіміздің жас талантты әншісі Диас Нұртаза «Кел дедім» атты әнін биылғы жылы зейнетке шыққан Қонысбаева Атлас Қонысбаевнаға арнады.. Кеш соңында 10 «ә» сынып қыздары «Шын жүректен» атты әнін барлық ұстаздарға тарту етіп, барлық қатысушылар сыйлық ретінде жүрек шарларын табыс етті.