26.09.2025
2025 жылдың 25 қыркүйекте педагогикалық ұжыммен «Бала қауіпсіздігі –қоғам келешегі» тақырыбында жиналыс өткізілді. Мақсаты:балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын өзектендіру, әлеуметтік желілердегі қауіпсіздігі.
Жиналыста қазіргі өзекті мәселелердің бірі – оқушылардың әлеуметтік желілердегі қауіпсіздігі.Маңыздылығы: оқушылар кейде желідегі түрлі келеңсіз жағдайларға тап болып, тіпті өмірлеріне қауіп төндіретін жағдайларға душар болуы мүмкін. Педагогтер қауымы оқушыларды әлеуметтік желілердің теріс әсерінен қорғау, олардың саналы әрі қауіпсіз өмір сүруіне жағдай жасау. Сонымен қатар жиналыста « Адал ұрпақ» біртұтас тәрбие бағдарламасының мазмұнында да «Заң және тәртіп» құндылығына сәйкес алдын алу шаралары мен әлеуметтік жобалар жоспарланып, іске асырылады,олар: « Буллингсіз әлем, « Цифрлық әлемде қауіпсіз қадам , « Буллингтен қорған», « Қауіпсіз қоғам», « Қоғамдық мүлікті қорға!», « Өмірге салауатты қадам».Тәрбие сағаттарының аясында өткізілетін 10 минуттық «Қауіпсіздік сабағы» өткізіледі.Аталған қауіпсіздік іс –шараларға үлкен мән беріледі. «Өнегелі 15 минут» бастамасының маңыздылығы ата – аналармен балалар арасындағы сенімді қарым –қатынасты нығайтуға және балалардың ішкі әлемін жақсартуға бағытталады. Осы іс –шаралар мен алгоритмі 2022 жылғы 21 желтоқсандағы Білім беру министрінің № 506 бұйрығымен бекітілген « Балаланың буллингтен алдын алу қағидалары», сондай –ақ Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 127 -2- бабына сәйкес, әрекетсіздік пен хабарламау үшін жауап береміз.