Текст
27.09.2025
2025 жылдың 27 қыркүйек күні мектебімізде жоспарға сай «Денсаулық фестивалі» өткізілді. Мақсаты: Жас ұрпаққа адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажетті бағалы байлық екендігін түсіндіру, денесін шынықтыруға, шымыр да шапшаң, ұқыпты да жинақы, әдемі болуға тәрбиелеу. Денсаулық фестиваліне мектебіміздің 5—11 сынып мен сынып жетекшілері, пән мүғалімдері, мектеп әкімшілігі қатысты.Фестивальдін ашылу салтанаты мектебіміздің спорттық залында өтті. Мектеп директоры Н. Алкенова оқушылармен мұғалімді атаулы мерекемен құттықтап, салауатты өмір салтын ұстануға шақырды. Дене тәрбиесінің мұғалімдері, сынып жетекшілер оқушылармен түрлі сайыстар мен қимылды ойындар, ұлттық ойындарды ұйымдастырып, өткізді.