Педагогикалық инновациялар жәрмеңкесі
16-17- мамыр аралығында Көкшетау қаласында 7-Халықаралық педагогикалық Инновациялар Жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңкеге Ақмолаоблысы бойынша 1549 ұстаз қатысып өз жобаларын ұсынды. Бірінші күні ұстаздар «Педагогикалық тәжірибеге шолу» тақырыбындағы Шеберлік сыныбын көрсетіп,өз жобаларын қорғады. Мектебіміздің тәжірибелі ұстаздары биология пәні мұғалімі Шаяхметова Гулзат Тұрлыбайқызы мен орыс тілі және әдебиеті пәні мұғалімі Тукушева Зауре Амангелдіқызы қатысып ұсынған жобаларын жоғарғы дәрежеде қорғап, мақтау қағазына ие болды және Ақмола облысы білім департаменттінің бөлім меңгерушісі және модераторы Зейнелова Айгул Ерденқызы өз сөзінде ұстаздардың жобаларының ең маңызды және ұстаздардың өте жоғары дәрежеде қорғағандарын айта отырып, еңбектеріне жеміс, шығармашылық табыс тіледі. Биология пәні мұғалімі Шаяхметова Гулзат Турлыбайқызы мен математика пәні мұғалімі Балабекова Гулжан Бірлікқызы «Тұлғаны әлеуметтендірудегі белсенділігі үшін» атты номинация бойынша мақтау қағазына ие болды. Міне, ұстаз жетістігі – бұл өз еңбегі, жан-жақты білімінен , ұстаздық шеберлігімен, оқытудың жаңа әдістерін меңгерумен және әр сабағында тиімді қолдана білу болып саналады. Сондықтан ұстаздарымызға шығармашылық табыс тілейміз.