Текст
15.09.2021ж №7 жалпы орта білім беретін мектебінде жаратылыстану-математика бағытындағы пәндер бойынша мектепішілік Президенттік олимпиадасы өтті. Президенттік олимпиада Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі өткізетін жыл сайынғы іс-шара болып табылады. Президенттік олимпиаданың әрбір қатысушысы барлық кезеңдерде мынадай төрт пән бойынша тапсырмаларды оқу тілінде орындайды: математика, физика, химия және биология. Бұл олимпиадаға біздің мектептің 11-сынып оқушылары Қуатова Мөлдір және Мырзағұл Арай бақ сынады. Оқушыларымызға келесі кезеңге сәтті өтуіне тілектеспіз.