28.12.2021
2021 жылдың 28 желтоқсан күні мектебімізде балалардың қауіпсіздігін қамту мақсатында арнайы кездесу ұйымдастырылды. Бұл кездесуге Атбасар станциясының темір жол басшысы О.В.Лебедев, темір жол бойынша қауіпсіздік инспекторы Шахаров Т.О, Ержанов А.А және темір жол полициясының қызметкері Н.Канафин қатысты.
Мақсаты: балалардың өмір қауіпсіздігі ережелерімен таныстыру, келенсіз жағдайлардың алдын алу, ескерту, кеңестер беру. Кездесуге мектебіміздің 7-11 сынып оқушылары қатысты. Оларға барлық қауіпсіздік ережелері толығынан түсіндіріліп, темір жолды арнайы жермен өту керек екендігін, сонымен қатар электр тоғының маңайында сэлфи жасауға қатаң тыйым салынатының айтып ескертті.