Текст
Бүгін 03.02. 2022жылы өзін –өзі тану онкүндігінің аясында 8 ә сыныбында химия және өзін –өзі тану пәнімен ықпалдастыру сабағы өтті. Сабақты өткізген мұғалімдер: Шаяхметова Г.Т., Смагулова Б.С. Мақсаты: білім алушыларға химия сабағы барысында жалпыадамзаттық құндылықтарды бойларына сіңіру, пәнаралық сабақтастықты нығайту. Сабақ басында тыныштық сәті ұйымдастырылды. Сабақтың негізгі бөлімінде жаңа тақырыпты толықтыру мақсатында мұғалімнің сыйы ретінде металдар туралы қызықты бейнеролик көрсетіліп, осы тақырыпқа арнайы өлең жолдары ұсынылды. Сабақтын соңында соңғы тыныштық сәтінде сабаққа қорытынды жасалып, кері байланыс берілді.