Текст
Бүгін 24.02. күні сағат 16.:00 де мектепішілік жоспарға сай «Ақбота» қыздар клубының кезекті отырысы өтті.
Мақсаты: қыз балаларының тазалығы, жеке гигиенасы, мектеп ережесін сақтауы, өздерін ұстауы туралы түсінік беру;
Отырысқа мектебіміздің 5-6 сыныптың қыздары қатысты.Отырыс барысында қыздар жеке гигиена туралы, қыздардың тазалығы, мектеп ережелерін сақтауы туралы мәселелерді ортаға салып талқылады. Мектеп президенті Бегалинова Аружан өз тарапынан қыздарға ескертулермен құнды кеңестер берді. Мектебіміздің тәрбие ісінің меңгерушісі Б.Смагулова және мектеп психологы А.Шахметова қыздармен сұхбаттасып, ақыл -кеңес беріп, ұсыныстар жасады.