Текст
2021-2022 оқу жылының 25 ақпан күні, мектеп оқушыларының арасында құқықбұзушылықтың алдың алу мақсатында « Құқықбұзушылықтың түрлері» атты арнайы кездесу өткізілді.
Мақсаты: мектеп оқушыларына құқықтары туралы ақпарат беру, қылмыстық, тәртіптік, әкімшілік кодекстерімен таныстыру, ақпараттандыру.
Бұл кездесудің ұйымдастырушылары мектеп Президенті –Бегалинова Аружан, көмекшілері: Шамшиденова Аяжан және Кадырбаева Асем. Кедесуге арнайы шақырылған құқықтану пәнінің мұғалімі Н.Жақсыбаев қатысты. Н.Жақсыбаев 9-11 сынып оқушыларына мектепішілік ережелерді таныстырып, жалпы құқықтары туралы толыққанды мәлімет берілді. Сонымен қатар арнайы бейнеролик көрсетіліп, талдау жасалды. Арнайы тест сұрақтарына жауаптар алынды.