2019 жылдын 14 ақпан күні сағат 18:30 да мектебімізде жалпы ата – аналар жиналысы өтті. Жиналыстың күн тәртібінде қаралған сұрақтары:
Тоқбергенова Айгерим Кайроллаевна 8 а сынып жетекшісі
Халел Марзия 4 а сынып жетекшісі
Жақсылықова Гулизат Сабитовна –Аудандық ауруханасының психологы
Шахметова Асемгүл Назымбековна – мектеп психологы
ТІМ Смагулова Бахыт Сериковна.
Оқу ісі меңгерушісі Алкенова Н.А.
Мектеп медбикесі Сейсенбай Г.
Жиналыстың басында мектеп оқушылары шағын музыкалық ән -шашуларын ұсынып, ата –аналарға жақсы көңіл –күй сыйлады.
Жиналыс барысында мектебіміздің 8 а сынып жетекшісі Тоқбергенова Айгерим Кайроллаевна мен 4 а сынып жетекшісі Халел Марзия өз іс –тәжірибелерімен бөлісіп, ата – аналарға шәкірт тәрбиелеу жолындағы мәселелерге аса назар аударуларын өтініп, бірігіп жұмыс жасаудың тиімді екендігіне айтты. Мектеп психологы мен Аудандық ауруханасынын психологы балалар арасындағы ерте жүктілік мәселелеріне және зиянды әдеттердің алдын алу жолдары туралы баяндап,ата –аналарға осы дерттің алдын алу жолдарына тоқталды.Сонымен қатар 4-9 сынып оқушыларының оқу үлгерімі жөнінде Алкенова Н.А. ата – аналарды хабардар етті. Мектеп медбикесі аудан бойынша «Қызылша» ауруының кең таралуы туралы баяндап, ата – аналарға балалардың денсаулығын назарда ұстауларын өтінді.Жиналыста барлық сұрақтар толығымен тыңдалды.