"Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының №7 жалпы орта білім беретін мектебі"  КММ
КГУ “Общеобразовательная школа №7 города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области”

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

18 Наурыз 2019 жылы Көкшетау қаласында облыстық ғылыми-практикалық конференциясы өтті.Конференцияның тақырыбы «Сабақты зерттеу (Iesson Study): қазақстандық мектептер тәжірибесі».

20.03.2019

 

Конференцияның  мақсаты: Ақмола облысы жалпы білім беретін  ұйымдарында Сабақты зерттеу (Iesson  Study) тәсілін  жүзеге асыру  бойынша  озық педагогикалық  тәжірибені анықтау және  тарату.Конференцияны  Педагогикалық Шеберлік  Орталығының   директоры Ильясовна Динара Серікқызы ашты. Одан кейін  пленарлық сессия өткізілді.Бұл сессияда «Өрлеу»оқытушылары баяндамаларын оқыды.Келесі кезекте  Постерлік таныстырылым  басталды.Әр аудандық мектептердің  Координаторлары  «Сабақты зерттеу» іс-тәжірибелерімен бөлісті. Атбасар қаласындағы №7 қазақ орта  мектебінің  координаторы  Тукушева Зауреш Амангельдиновна постерлік таныстырылымға белсенді қатысқаны үшін «Сертификатпен» марапатталды.Сонымен қатар Ақмола облысы жалпыбілім беретін мектеп мұғалімдеріне «Сабақты зерттеу» тәсілін қолдану тәжірибесін таратқаны үшін Ақмола облысы Білім басқармасының «Алғыс хатымен» марапатталды.

Келесі кезекте параллель сессиялар өткізілді. №1  секцияда  мектеп тренерлерімен  Көкшетау қаласының Назарбаев Зияткерлік Мектебінің  ұстаздары  коучинг-сессия  өткізді. Тақырыбы: «Неден бастау керек? Сабақты зерттеуді іске асырудың бірінші қадамдары». №2 секцияда  мектеп координаторлары , қалалық және аудандық білім бөлімінің әдіскерлерлері қатысты.Бұл секцияның тақырыбы: «Сабақты зерттеудің (lessob Study  тәжірибелік  моделі:  мектептегі үдерісті ұйымдастыру және үйлестіру». Бұл сессияда Педагогикалық Шеберлік Орталығының тренерлерлері жұмыс жасады. Бұл семинар өте жоғары дәрежеде өтті. Кері байланыс «Еркін микрофонмен» аяқталды.

Просмотров: 616


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст