негізгі мақсаттары мен міндеттері: мектеп оқушылары арасында Абай, Шәкәрім және Махамбет шығармаларын насихаттау; ұлылар поэзиясына, рухани мұрасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу, тарихи танымдарын, ізгілікке және азаматтыққа бағдарланған дүниетанымдары мен сана-сезімдерін, өмірлік айқындамаларын қалыптастыру.
Абай-Шәкәрім және Махамбет оқулары төрт номинация бойынша өткізілді:
- «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» - Абай және Шәкәрім
шығармаларын жатқа оқу байқауы.
- «Көңілім әнді ұғады» - Абай-Шәкәрімнің және Махамбет әндері мен күйлерін орындаушылардың байқауы.
- «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» - жас дарындар байқауы
(өз шығармаларын орындау: өлеңдер, әндер, музыкалық шығармалар).
Аталмыш байқау нәтижесінде №7 қазақ орта мектебінде ақ түйенің қарыны жарылған күн болды. Олай дейтініміз, байқау нәтижесі көңіл қуантарлық. Айталық,
«Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» номинациясы:
II орын – Арыстанова Еркежан, жетекшісі Есенгулова Л.А.
«Көңілім әнді ұғады» номинациясы:
I орын – Ардагер Айым, жетекшісі Есенгулова Л.А.
«Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» номинациясы:
I орын – Нұрдыбек Әділбек, жетекшісі Есенгулова Л.А.
«Ел құтқарар ер едім» номинациясы:
I орын – Құрманқожа Нұрым, жетекшісі Хұрмет Нұрдыбек.
Аудандық байқаудың жеңімпаздары сәуір айында Көкшетау қаласында өтетін Абай-Шәкәрім және Махамбет оқуларына жолдама алды.