2022 жылдың 4 –ші сәуір күні мектебімізде халқымыздың перзенті, қазақ халқының ұлы ойшылақыны, данышпаны Абай Құнанбайұлына арналған 8-11 сынып оқушылары арасында «Абай оқулары» байқауы өтті.
Абай оқуларының негізгі мақсаты: қазақ халқының әдеби мұраларын дәріптеу, мектеп оқушыларының классикалық әдебиеттерді оқуға деген қызығушылықтарын арттыру.
Негізгі міндеттері: Абай және Шәкәрім шығармаларындағы эстетикалық талғам мен тұлғалық қасиетті насихаттау, ұлылар поэзиясына, ұлттың рухани мұрасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Байқауға аудан мектептерінің оқушылары қатысып, 6 кезеңнен тұратын байқауда бақ сынасты. Мектебіміздің салтанат залында ресми ашылу салтанаты өтті. Біздің мектебімізден бұл байқауға 5 оқушы қатысты. Олар 8 сынып оқушылары: Бабаева Аяулым, Ардагерқызы Айым, Арыстанова Еркежан және 10 сынып оқушылары: Жаналина Томирис пен Бектемирова Аруна. Қатысушылардың құрметіне мектебіміздің « Жаңа ұрпақ» вокалдық тобы ән – шашуларын арнады.