2022 жылдың 7 сәуір күні 8-11 сынып оқушыларының арасында жазғы демалыс кезінде құқықбұзушылықтың алдың алу мақсатында « Жазда абай бол!» атты кездесу өтті. Бұл кездесуге мектеп инспекторы Токжуманова С.С. оқушыларға су тасқыны кезінде қоймаларының жанында кауіпсіздік ережелерін сақтау, жол қозғалысы ережелерін сақтау, 23:00 –ден кейін көшеде және ойын – сауық орындарында заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз болмау, сондай –ақ мектепте және қоғамдық орындарда тәртіп ережелерін бұзуға жол бермеу, темекі, электрондық ( вейп) темекілерді паудалануға тыйым салынатының қатаң ескертті. Мәдениет орындарында, кітапханаларда, мұражайларда, кинотеатрларда, т.б. жерлерде өздерін қалай ұстаулары жөнінде толық мағлұмат беріп, оқушылардың сұрақтарына жауап берді.